Өткен жылы Ұлттық қорға 8,8 трлн теңге түскен

454

Соның 5,6 трлн теңгесі пайдаланылған.  

Өткен жылы Ұлттық қорға 8,8 трлн теңге түскен Фото: canva.com

2024 жылы Ұлттық қорға 8,82 трлн теңге кіріс түскен. Бұл туралы Қаржы министрлігі жариялаған есепте көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның дерегінше, өткен жылдың басында Ұлттық қорда 29,8 трлн теңге болған. Ал жыл аяғында бұл көрсеткіш 33 трлн теңгеге жеткен.

Бір жылда оған 8,82 трлн теңге түскен. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер – 4,98 трлн теңге.

Былтыр Ұлттық қордың 5,62 трлн теңгесі пайдаланылған. Оның ішінде 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт, ал 3,6 трлн теңге мақсатты трансферт ретінде жұмсалды. Тағы 21,5 млрд теңге қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға кеткен.

Негізінен кепілдендірілген трансферттер бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады. Ал мақсатты трансферттер инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу