Қырғыз жігіттері орыс тілді аудиторияға арналған сервисті іске қосты

18318

Google компаниясында 11 жыл жұмыс істеген Қырғызстан азаматы Тілек Мамұтов  пен оның ағасы Медер Мамұтов Outtalent деп аталатын сервисті іске қосты.

Қырғыз жігіттері орыс тілді аудиторияға арналған сервисті іске қосты

Енді осы сайтқа кіріп, орыс тілін білетіндер Google, Amazon, Spotify, Facebook, Dropbox, Airbnb, OpenAI сияқты ірі компанияларда IT бағыты бойынша жұмыс іздеу мүмкіндігіне ие болды.Қазір Outtalent 48 клиентті компания өкілдерімен болатын сұхбатқа дайындап жатыр. 
Сервис жұмыс іздеушілердің тәжірибесін ескере отырып, олар туралы ақпаратты IT компаниядағы арнайы бөлімге жеткізіп отырады. Стартап Google-дің HR бөлімімен мамандарды іздестіру туралы келісімге қол қойған.Бірақ, жоба авторларының айтуынша, Outtalent  мұндай қызмет үшін компаниялардан ақша алмайды. Керісінше, егер үміткер жұмысқа орналасса, жылдық жалақысының шамамен 10 пайызын төлейді. Ал тәжірибелі мамандар үшін жеңілдік қарастырылған. Олар жылдық ақысының тек 1 пайызын Outtalent-ке береді.
Дегенмен жұмысқа тұру үшін тек орыс тілін білу жеткіліксіз, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру қажет. Сондай-ақ үміткерлер LeetCode, Hackerrank, CodeForces және TopCoder сияқты платформаларда 200-ден астам тапсырманы орындауы тиіс. 


Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу