Овариден Қазақстан құрамасы қос медаль иеленді

287

Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық қос спортшы да жүлдеге ие болды. 

Овариден Қазақстан құрамасы қос медаль иеленді Фото: gov.kz

Әсел Дәлиева алтын жүлде иеленсе, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дүниежүзілік қөшпенділер ойындарында овариден ел намысын тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Ақтаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернұр Мерешев, тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әсел Далиева және тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аңсаған Қожанәсіп қорғайды. Олардың екеуі бүгін қос медальды қанжығаға байлады: бір алтын, бір қола.

Овари – Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны. Оны екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, олар бірге 12 кішкентай шұңқыршаларды құрайды, сонымен қатар, ойыншыларда тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалар болады. Овари ойыны 48 шармен ойналады.

Тақтаның өз жағындағы алты кішкентай шұңқырша ойыншының алаңы, ал қарама-қарсы алты шұңқырша сәйкесінше қарсыластың алаңы болады. Ойыншылар өз қоймасында мүмкіндігінше көп шар жинауға тырысады. Кім көп шар жинаса, сол ойыншы жеңіске жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу