OYLA. Екінші мүмкіндік

Ольга Знаменская Ольга Знаменская
12823

Елімізде OYLA ғылыми-танымал журналының қазақ тілді нұсқасы қайтадан шығарылмақ.

OYLA. Екінші мүмкіндік

Бұл туралы баспаның басшысы Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Журналдың мемлекеттік тілдегі нұсқасын шығару алғаш рет 2016 жылдың ортасында қолға алынған еді. Ол кезде журналға жазылушылардың саны жеткіліксіз болып, редакция бағасы 1300 теңге тұратын қымбат, көркем бояулы журналды шығаруын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Журналдың бас редакторы Ғамзат Бияров бұл жолы барлығы байыппен шешіліп, ендігі кезде журналдың ғұмыры ұзақ болмақ деп ағынан жарылды. Қазақ тілді журналға екінші мүмкіндік берген серіктестер – "Қазақ географиялық қоғамы" қоғамдық бірлестігі, Chevron, ForteBank, "Теңізшевройл" компаниялары, сондай-ақ журналға жазылуды рәсімдеуге дайын екені туралы петицияға қол қойған интернет-қоғамдастығы.

Қаңтар айынан бастап қазақ тіліндегі журнал орыс тілді нұсқасымен қатар ай сайын шығарылатын болады. Мемлекеттік тілдегі журналдың алғашқы шығарылымының тиражы 2500 дананы құрады. Бірінші шығарылымды Қазақстанның мектептері мен балалар үйі алады. Журналған жазылуға тілек білдірушілерге жазылуға болады.

Журналдың бас редакторы Ғамзат Бияровтың айтуынша, басылымның басты мақсаты білім алып, жаңа зат ойлап табуға бәрінің де қауқары жетеді, ықылас болса болғаны, осыны түсіндіру. Мектеп оқушыларының басым бөлігі мемлекеттік тілде оқиды, сондықтан қазақ тілді журналды шығару әлеметтік маңызға ие.

"Өкінішке орай, мемлекет біздің басылым шығару жөніндегі бастамамыз мемлекет тарапынан қолдау тапқан жоқ, бюджетте қаражат жеткіліксіз деп түсіндірді. Бірақ біз серіктестерімізбен жұмыс істеуге дайынбыз және біздің идеямызды іске асыруға қолдау білдіргені үшін оларға алғыс айтамыз. OYLA журналын алатын мектептер де бұл игілікті істің жемісін көріп, жоғары бағалайды дегенге сенімміміз мол. Біз, өз кезегімізде, қолдан келгеннің барлығын жасаймыз", – деп уәде етті редактор.

"Қазақ географиялық қоғамы география және табиғат пен қоғам туралы ғылымдарды дамытуға қолдау білдіреді. Біздің ойымызша, саяхаттау – әлемді танудың бір тәсілі, ал бала – біздің болашағымыз. Сол себепті өскелең ұрпақ қиялдауын тоқтатпай, одан әрі дамып, жаңалыққа ұмтылуы біз үшін маңызды. OYLA-ның беттерінен таңғажайып саяхаттар, таулы шыңдарды бағындыру, ғылыми зерттеулер туралы оқып, әлемді жаңа қырынан ашасыз", - деп пікір білдірді "Қазақ географиялық қоғамы" АҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлан Әбдуов.

Қызығы сол, OYLA мақсатты оқырманы орта және жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ жаңалыққа құштар ересек адамдар болып табылатын еліміздегі алғашқы ғылыми-танымал журнал. Журнал математика, физика, химия, биология, астрофизика сияқты жаратылыстану ғылымдарына және тарих, риторика, тіл білімі тәрізді гуманитарлық білімдерге бағытталған материалдардан тұрады. Басылымның беттерінде күрделі мәселе жеңіл тілмен түсіндіріледі. Мақалалардың тақырыбы сан-алуан: іргелі теоремалардың түсіндірмесі мен олардың ашылу тарихы, көрнекті ғалымдар, ойлап тапқыштар, қызық мамандықтар, әлемнің құрылысы және тағы басқалар туралы әңгімелер. Сонымен қатар жақында журналдың интернет нұсқасы да шығатыны мәлімделді журнал редакциясында.

Ольга Знаменская

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу