Өз тобында соңғы орында

2473

Алматылық "Қайраттың" Еуропадағы жетістіктерінің арқасында Алматы қаласы футзалды жақсы көріп қалды. 

Өз тобында соңғы орында

Сондықтан болар, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында "Балуан Шолақ" спорт кешені жанкүйерге толы болды.

Алғашқы қарсылас испанияның "Эль-Посо" командасы еді. Матч бастала салысымен испаниялықтар шеберліктерін көрсетіп, алматылық ұжымнан еш қалыспайтынын байқатты. Уақыт өте келе алаңға бой үйреткен мурсиялықтар басымдылық көрсете бастады. Себебі, бірінші тайм аяқталар тұста қонақ команда ойыншысы Фернан есеп ашты. Үзілістен оралған алматылық команда ойынды сәл өзгертіп еді, нәтижеге жетті. Луизиньо керемет комбинациядан соң таразы басын теңестірді. Алайда испаниялық команданың шабуылшысы Маттеус ойын аяқталуға 6 минут қалғанда тағы бір гол салып, командасын жеңіске жетеледі. "Қайрат" амалсыз тәуекелге бел буды. Бірақ, Алекс шапшаң қимылдап "Қайраттың" үмітін үзді. Ал Альбертоның төртінші голы "Қайраттың" биылғы маусымда осал екенін байқатты.

Екінші матчта "Қайрат" италияның "Песаро" командасымен кездесті. Кака шәкірттері кездесуді жақсы бастады. 5-минутта Эдсон есеп ашты. Бірақ, Италиялықтар 10-минутта Фелипе Тониданделдің арқасында таразы басын теңестірді. Сосын Салас қонақтарды алға шығарды. Екінші таймның бастапқы бөлігінде италиялық команда бар білгенін көрсетті. Жулио Оливейра есепті 3:1 қылды. Енген доптардың біршамасында қақпашы Игитаның да қателігі болғанын айта кетуіміз қажет. Қақпашы ауысқан соң "Қайраттың" ойыны түзелгендей көрінді. "Қайрат" екінші ойын қатарынан жеңілетін болды деп есептеп отырғанда, керемет камбэк орын алды. Эдсон есеп айырмасын қысқартып еді, артынша Габриель тоблодағы көрсеткішті 3-1 қылды. Ал сосын Луизиньо "Қайратты" алға шығарды. Шабуылшы Біржан Оразов болса матчқа нүкте қойып, есепті 5-3ке жеткізді.

Соңғы ойын күнінде турнирлік кесте шамамен түсінікті еді. Алматылық команда "Төртеудің финалына" өту үшін испанияның "Мурсиясы" жеңіліп қалу тиіс болатын. Италиялық "Песаро" бұл ойында 3-3 тең ойнауға ғана шамасы жетті. Сондықтан да жалғыз жолдаманы "Мурсия" иеленіп кетті. Сосын "Қайрат" португалиялық "Бенфикамен" кездесіп, кішігірім жолдастық матч ойнады. Себебі, бұл матчтың нетәижесі турнирлік маңыздылықтан айырылып қалған болатын. Коэлью 2-минутта есеп ашты. Дегенімен алматылық команда сапынан Дуглас белсеніп, есеп қайта теңесті. Сосын Дуглас тағы бір гол салып, жанкүйерлерді бір қуантты. Бірақ, "Бенфика" да қарап жатпай, шабуылды нәтижелі аяқтады.

Екінші таймда Тайеби "Қайратты" жеңіске жетелеп, гол авторы атанды. Бірақ, қонақтар матч соңында ғаламат дәлдік көрсетіп есепті 5-3 қылды. "Қайрат" өз тобында соңғы орынды алып, финалдық кезеңге өте алмады.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу