Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль иеленген Өзбекстан құрамасының боксшылары ауруханада жатқан бас бапкері Тулкин Киличевке арнайы барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өзбек боксшылары ем алып жатқан бас бапкердің халін сұрап, өздері иеленген алтын медальдарын оның мойнына тақты. Ерекше шаттанған маман шәкірттеріне риза екенін айтып, қуанышын бөлісті.
Осынау қуанышты көтере алмаған бас бапкердің жүрегі аз уақытқа тоқтап қалып, ол ауруханадан бір-ақ шықты. Абырой болғанда, сол сәтте Киличевтің жанында дәрігерлер болған және олар алғашқы медициналқ көмекті дер кезінде көрсеткен.
Қазіргі таңда өзбек маманының жағдайы бірқалыпты, ол тағы біраз уақыт ауруханада ем қабылдайды.
Айта кетейік, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан спортшылары 8 алтын медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 13-ші орынға тұрақтады. Оның ішінде 5 боксшы финалға дейін жетіп, барлығы да чемпион атанған.