Іріктеу кезеңі көрермендерсіз ұйымдастырылған турнирде этникалық қазақ спортшылары да төбе көрсетуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бокстан Ташкентте басталған біріншілікте 15 қандасымыз жүлдеден үмітті боп отыр.
Чемпионатқа қатысушылар арасында Мадияр Сайдрахимов, Руслан Абдуллаев, Саят Ильясов, Сабыржан Тастанов, Арман Маханов, Қазыбек Есенгеллиев, Ғанибек Мұратқасымов, Машрап Абдуқайым, Асылхан Анарбаев, Мадияр Данияров, Айдос Тағайбаев, Амантай Шаланов, Иманғали Жайлауов, Сүндет Мұратов, Нұрислам Абдуллаев сынды боксшылар бар.
Ересектер арасындағы бокстан Өзбекстан чемпионаты (ерлер мен әйелдер) 20-28 қаңтар аралығында жалғасса, іріктеу кезеңі көрермендердің қатысуынсыз ұйымдастырылатыны алдын ала айтылған.
Жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер 26-28 қаңтар күндері "Ренессанс Холл" ғимаратында өтеді деп жоспарланған.