Футболдан 2026 жылғы мундиалдың топтық кезеңіндегі матчтар тартысты әрі ешкім күтпеген нәтижелер арқылы да аяқталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өзбекстан мен Колумбия арасындағы ойын басталған сәттен екі команда да жеңіс үшін жанталасып жатты. Десе де, алғашқы 40 минутта көрермендер гол көре алмады.
Бірінші таймның ортасына таман Өзбекстан құрамасының жұлдызды ойыншысы Абдукодир Хусанов ереже бұзып, сары қағазды атына жазды. Матчтың 41-минутында Муньос өзбекстандықтардың қақпасынан саңылау тапты.
Ойынның екінші бөлігінде көрші елдің құрамасы еңсе тіктеді. Нәтижесінде 61-минутта Файзуллаев баспен қақпаға допты тура бағыттап, Өзбекстан сапындағы әлем чемпионатында гол соққан тұңғыш ойыншы атанды. Десе де, 64-минутта Колумбия сапынан Луиз Диас құрамасын есепте алға шығарды.
Матчтың қосымша минутында Өзбекстан есепті теңестіре ме деп жүргенде, Колумбия үшінші голын соғып кетті.
Осылайша, көрші елдің футболшылары 3:1 есебімен Колумбияға есе жіберіп алды.
Бұған дейін Харри Кейннің дублі Англияның жеңісіне үлес қосқанын жаздық.