Мұны Ақ үй жариялаған YouTube арнадағы бейнеден байқауға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Report-тың жазуынша, Дональд Трамп сапарға дайындық жүргізіп жатыр.
– Трамптың өзі Таяу Шығысқа 11 немесе 12 қазан күні баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ, қай елге баратынын нақтыламады, – делінген ақпаратта.
Axios тілшісі Барак Равидтің сөзінше, Ақ үйдің иесі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың шақыруымен еврей мемлекетінің парламенті Кнессетте сөз сөйлеуге ниетті.
"Біз әзірге түпкілікті шешім қабылдаған жоқпыз" деп қысқа қайырды Трамптың өзі.
Осыған дейін Трамп Газа секторындағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздерге байланысты 11 немесе 12 қазанда Таяу Шығысқа сапар жоспарлап отырғаны белгілі болған-ды.
Кейбір шетелдік БАҚ АҚШ президентінің Египетке бару ықтималдығы жоғары екенін де жазған.
Inbusiness.kz сайты бірнеше күн бұрын "Дональд Трамп тарихта алғаш рет Орталық Азияға, соның ішінде көрші елге баруы мүмкін" деген тақырыпта мақала жариялады.