Өзбекстан Қазақстанды басып озып, экономикалық көшбасшы бола ала ма?

2615

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Өзбекстан Қазақстанды басып озып, экономикалық көшбасшы бола ала ма?

Ehonews.kz: "Өзбекстан Қазақстанды басып озып, өңірдің экономикалық көшбасшысы бола ала ма?" деп сұрайды басылым. Бұл сұрақ төңірегінде әңгіме көтерген саяси шолушы Нұрлан Фадеевтың пікірінше, Қазақстанға Алматы облысынан атом электр станциясын ашып, өнеркәсіптің өсуіне қосымша мүмкіндік жасау керек. Яғни Қазақстан әрекеттенбесе, болашақта оны тек Өзбекстан ғана емес, өзге де елдер басып озып кетеді.

Басылымның саяси шолушысының пікірінше, көп жылдар бойы Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы болып келді. Енді бұл орынды Өзбекстан иемденетін түрі бар. Осыған байланысты бұл мемлекеттің мұндай қадам жасауға шамасы келе ме деген сауал туындайды.

Осыдан бес жыл бұрын Азия банкінің сарапшылары Өзбекстан экономикасының жасырын мүмкіндігі зор, 2035 жылға қарай бұл ел Қазақстанды озып өтеді деген болжам жасаған. Ол кезде мұндай болжам жасағандарға көбісі күлетін, ал қазір жағдай өзгеріп келеді, Өзбекстан мемлекеті Қазақстаннан оза бастады.

"Дегенмен Қазақстан бар тірегін өндіруші өнеркәсібіне салып және Ресеймен индустриалдық жобаларды іске асырып,  көшбасшылық позициясын қолдан жібермеуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде Алматы облысына атом электр стансасын салу ауадай қажет болып тұр. Осы арқылы Қазақстан көмір мен мазутқа тәуелділіктен құтылады, сөйтіп өнеркәсіптің дамуына қосымша үлес қосады. Мұндай әрекетті Еуразиялық Одаққа ортақ валютасыз және одақ аясында іске асырылатын механизмдерсіз жасау мүмкін емес",– деп жазады шолушы.  

Caravan.kz: "Қазақстанда қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқарту ұсынылды: қоғам белсендісінің пікірі" деп жазады аталмыш газеттің кезекті мақаласы. Танымал қазақстандық тележүргізуші Анна Данченко жақында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолдарын ұсынған болатын. Журналистің бұл ұсынысы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Осыған байланысты басылым қоғам қайраткері, Бақытжан Көпбаевтың пікірін білген.

Естеріңізге сала кетсек, Анна Данченко қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартса деп ұсынды және орыс тілін мемлекеттік мәртебесінен айыру керектігін айтқан.

"Орыс тілінің (ҚР Конституциясының 7-бабы) ресми тіл екені жөніндегі түсініктемені алып тастаса деймін. Мәселен, мен қазақша білмеймін дейік. Жұмыс берушінің басты талабы – қазақ тілін білу міндетті екені айтылса. Заң талабына сәйкес, қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартса. Сіз келіссеңіз де, келіспесеңіз де заң солай. Бірақ ешкім жалақысының қысқарғанын қаламайды. Жұмысшы ақша керек болғандықтан, қазақ тілін үйренеді. Ол ақша жерде шашылып жатқан жоқ. Адамдарға осылай сабақ беру керек. Егер бұл елде қазақ тілінің дамығанын қаласақ, әр азаматтың қазақша сөйлегенін қаласақ, заң тұрғысында осындай талап қою керек. Адамдар қорқытқанда ғана, өзіне қолайсыз болғанда ғана мақсатына жетеді", – деді Анна Данченко.

Аталмыш мақалада Анна Данченко қай өңірде туып-өскені және қазақ тілін қалай үйренгені туралы ақпарат беріледі. Осыған байланысты өз пікірін білдірген қоғам қайраткері Бақытжан Көпбаев былай деген.

"Бұл әйелдің Арал қаласынан келгені маңызды. Қазақ тілінде сөйлейтін журналистердің басым көпшілігі қазақ ауылынан шыққан. Олар қазақ тілін үйрену үшін бір тиын жұмсаған емес. Олар тек сол ортада өскен, сол себептен қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүр болған, олар таңдау жасай алмаған. Егерде олар орыстілді ортада жүріп, бас күшін салып қазақ тілін үйренсе, онда әңгіме басқаша болар еді, олардың сөзіне құлақ асуға болар еді. Алайда мұндай адамдар тілді меңгеру үшін бір тиын ақша жұмсамай, қалай елді күштейді?! Арал – таза қазақи аймақ, ол жерде өзге ұлт өкілдері мүлдем тұрмайды деуге болады. Егерде сіз туғаннан бері осы тілде сөйлесеңіз, онда сіздің өзгелерге ақыл айтатын қақыңыз жоқ", –  депті Бақытжан Көпбаев.

Camonitor.kz : Анна Данченконың мәлімдемесіне атамыш басылым да ерекше тоқталып, мақала жариялаған. "Қорқыту арқылы және санкция енгізу арқылы қазақ тілін үйренуді мәжбүрлеуге бола ма?" деп сұрайды бұл газет. Бұл мақалада автор қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдерінің тізімін, олардың туып-өскен ортасы туралы сипаттайды және осылар сияқты мемлекеттік тілді меңгере алмаған азаматтарды мәжбүрлеуге болмайтынын жазады. Себебі олай болған жағдайда адам құқығы бұзылады.

Мақала авторының пікірінше, қазақ тілін пайдаланушылар санын арттыру үшін арнайы орта қалыптастыру керек. Алайда ол үшін күш көрсетіп, шыдамсыздық танытудын керегі жоқ, себебі бұл ұлтаралық дауға әкелуі мүмкін.

"Бұл мақсатқа жетудің өзге, эволюциялық жолы бар. Қызылорда облысы біртіндеп "үлкен Аралға" айналғандай, алдағы 20-30 жылда Қазақстан да жай ғана демографиялық тенденцияға байланысты "үлкен Қызылорда облысына" айналады. Соңғы 30 жылда қазақ ұлтының саны 40 пайыздан 70 пайызға дейін көтерілді. Ал славян халқының саны 45 пайыздан 20 пайызға дейін қысқарды. Жағдайдың осылайша өзгеруіне қазақ ауылындағы көпбалалы отбасылар ат салысып келеді. КСРО ыдыраған кезде бұл көрсеткіш 30,8 және 65,3 пайыз болса, 2014 жылғы көрсеткіш бойынша, керісінше болып 65,1 және 32,4 пайызға жеткен. Әрине, 2014 жылдан бері бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріп үлгерді. Мұнымен қоса жыл сайын шетелге кетушілер көп, сол себептен "қазақылану" тенденциясы өсе береді. Олай болса қызбалыққа салынудың не қажеті бар?", – деп жазады басылым.

Express-k.kz: "Қазақстан таңдау жасауы керек: демография немесе деменция", деп аталады бұл газеттің кезекті мақаласы. Басылымның хабарлауынша, мемлекет халқы қартайып барады. Ресейде бұл мәселені аналық капитал арқылы шешіп отыр, ал Қазақстан қандай қадам жасауы мүмкін?

Ресми дерек бойынша, өткен жылы жасы 60-тан асқан азаматтардың көрсеткіші - 11,6 % , ал 65 жастан жоғары қазақстандықтардың көрсеткіші – 7,5%-ды құраған. Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық өңіріндегі демографиялық жағдай Еуропа елдеріндегі жағдайға ұқсас. Себебі бұл өңірлерде адам саны айтарлықтай өспей отыр. Ал оңтүстік аймақтар мен Нұр-Сұлтан қаласында туу көрсеткіші өсіп келеді. Болжам бойынша, қарт адамдар мен жұмыс істеуге қабілетті азаматтардың ара салмағы 2019 жылы 1,8 %-дан -20,8%-ға дейін өссе, 2050 жылы бұл көрсеткіш 37,8% -ға өсуі мүмкін.

"Қазақстан халқы айтарлықтай жас ұлттар қатарында болғанымен, халықтың қартаю үрдісі туралы алдын-ала ойланып, қамданған жөн",- дейді Қазақстандағы ЮНФПА-ның гендерлік теңдік және тұрғындар жөніндегі үйлестіруші Ғазиза Молдақұлова.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу