Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындық аясында Аргентинамен кездеседі

245

Өз тарихында тұңғыш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы жаһандық доданың алдында тыңғылықты дайындыққа кірісті.

Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындық аясында Аргентинамен кездеседі Фото: kun.uz

Команда шеберлігін шыңдап, бәсекелестік деңгейін арттыру мақсатында әлемнің жетекші құрамаларымен бірқатар жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Солардың ішіндегі ең айтулысы – қазіргі әлем чемпиондары Аргентина құрамасымен болатын матч.

Тарихи кездесу қазан айында, яғни 20-28 қазан аралығындағы ФИФА күнтізбесіне сәйкес, Аргентинаның өз алаңында өтеді деп күтілуде.

Өзбекстан футбол федерациясы осындай жоғары деңгейлі спаррингтер арқылы құрамаға қажетті тәжірибе жинауға, ойын сапасын жаңа деңгейге көтеруге ниетті.

Мұндай матчтар ойыншылар үшін де, бапкерлік штаб үшін де баға жетпес мүмкіндік болмақ.

Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Өзбекстанның бұл додадағы өнері – бүкіл Орталық Азия футболы үшін жаңа белеске бастайтын тарихи сәт болары сөзсіз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу