Өзбекстан құрамасы Астанада өтетін бокстан Әлем кубогына қатыспайды

331

Турнирге қатысуға 33 елден ұлттық құрамалар ресми түрде тіркелді.

Өзбекстан құрамасы Астанада өтетін бокстан Әлем кубогына қатыспайды

Бұл ақпаратты ҚР Туризм министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз хатшысы Аян Төлеген өзінің телеграм-арнасында растады.


"Ұйымдастырушылармен сөйлестік, өзбек боксшылары мүлде болмайтын секілді…" – деп жазды ол.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының кезеңі 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.  

Бұл дода биылғы жылдың басты бокс оқиғаларының бірі болмақ. Бұған дейін Қазақстан Астанада өтетін жарысқа ұлттық құраманың ең мықты спортшыларын шығаратынын мәлімдеген болатын. Осы ретте көрші елдің – Өзбекстанның турнирге қатыспауы көптеген жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық болды.

Әлемдік деңгейдегі бокс додасы көрермендер үшін нағыз тартысты шайқастар мен жоғары деңгейлі спорт мерекесі болмақ. Ал Қазақстан құрамасының басты мақсаты – ел намысын абыроймен қорғап, жарыс алаңында өз мықтылығын дәлелдеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу