Өзбекстан соңғы 26 жылда алғаш рет қысқы Азия ойындарында алтын еншіледі

398

Өзбекстан құрамасы Харбиндегі жарыстың турнирлік кестесінде ТОП-5 құрама қатарына енді. 

Өзбекстан соңғы 26 жылда алғаш рет қысқы Азия ойындарында алтын еншіледі Фото: sport24.ru

Бұрынғы ресейлік спортшылар Екатерина Гейниш пен Дмитрий Чигирев Өзбекстан атынан өнер көрсетіп, Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында спорттық жұптық сырғанауда алтын медаль жеңіп алды.

Олар 176,43 балл жинап, Солтүстік Кореядан келген Тэ Ок Рём мен Кум Чоль Ханды және Жапониядан келген Юна Нагаока мен Сумитада Моригути жұбын артта қалдырды.

Нәтижесінде, Солтүстік Корея 2-орын, ал Жапония 3-орынды иеленді.

Бұл Өзбекстанның қысқы Азия ойындарындағы соңғы 26 жылдағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейінгі алтынды 1999 жылы мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Малинина жеңіп алған болатын.

Гейниш пен Чигирев 2022 жылдан бастап бірге өнер көрсете бастады және Нина Мозердің жетекшілігімен жаттығады.

2024 жылы олар спорттық азаматтықтарын ауыстырды. Сол жылы жұп "Скейт Канада 2024" Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алып, Өзбекстанды осындай деңгейдегі жарыстарда сәтті танытқан алғашқы жұп атанды.

Гейниш пен Чигиревтің алтын медалінің арқасында Өзбекстан медальдар кестесіне еніп қана қоймай, бірден Қазақстанмен қатар жайғасып, топ-5 елдің қатарынан табылды. Жалпы медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы 15 медальмен төртінші орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу