Өзбекстан жастары футболдан Азия чемпионы атанды

311

Сенсация! Өзбекстан жастары финалда 9 ойыншымен жүріп, чемпиондыққа қол жеткізді. 

Өзбекстан жастары футболдан Азия чемпионы атанды Фото: zamin.uz

Сауд Арабиясында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында Өзбекстан жеңіске жетті.

Алаң қожайындарымен өткен шешуші матчта өзбек жасөспірімдері алғашқы таймда 2 ойыншыдан айырылып (Нұрбек Сарсенбаев – 40’, Миразиз Абдукаримов – 45+2’), тоғыз ойыншымен қалды.

Соған қарамастан есепті ғана ұстап қалмай, 2 гол соғып жеңіске жетті. 51 минутта Мұхаммад Хакимов пенальтиден есеп ашса, 70-минутта Садриддин Хасанов екінші голды соқты.

Осылайша, Өзбекстан бұл жас санатында екінші рет Азия чемпионы атанып отыр (бірінші рет – 2012 жылы, ол кезде турнир U-16 ретінде өтті).

Команда енді 2025 жылдың қарашасында Қатарда өтетін U-17 әлем чемпионатына қатысады. Бұл Өзбекстанның жастар арасындағы төртінші әлем чемпионаты болмақ.

Сондай-ақ, Тәжікстан да ерекше көзге түсті. Олар алғаш рет ширек финалға дейін жетіп, Оңтүстік Кореямен тең ойнап (2:2), пенальти сериясында жеңілді.

Бүгінде Өзбекстанның футбол академиясынан шыққан дарынды ойыншылар жаңа буынның көшбасшысы болып келеді. Өзбек футболы халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу