Өзбекстан ұлттық құрамасы атақты италиялық маманмен келіссөздер жүргізуде

322

Өзбекстан ұлттық құрамасы жаңа бас бапкерін таңдауға таяу.

Өзбекстан ұлттық құрамасы атақты италиялық маманмен келіссөздер жүргізуде Фото: dzen.ru

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, ел федерациясы италиялық аңыз футболшы әрі жаттықтырушы Фабио Каннаваромен келісімшарт жасаспақ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, тараптар 1 жылдық келісімге қол қойып, оны 4 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Бұған дейін құраманы басқаруға Йоахим Лёвтің кандидатурасы қарастырылған еді, бірақ неміс маманы ұсыныстан бас тартты.

52 жастағы Каннаваро – 2006 жылғы әлем чемпионы және "Алтын доп" иегері. Дегенмен бапкерлік мансабында мұндай жетістікке жеткен жоқ. Соған қарамастан ол Қытай, Сауд Арабиясы, Хорватия және Италия клубтарында жұмыс істеп, 2019 жылы "Гуанчжоумен" Қытай чемпионы атанды.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы биыл алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып, Орталық Азия Кубогын жеңіп алды.

Қазіргі бас бапкер Тимур Кападзе қысқа мерзімді келісімшартпен жұмыс істеп келеді. БАҚ дерегінше, егер Каннаваро тағайындалса, Кападзе оның көмекшісі болып қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу