Өзбекстанда қазақстандық мұнайдан әуе отыны өндірілген жоқ – министрлік

330

Бұған дейін бірнеше БАҚ Өзбекстан Ферғана мұнай өңдеу зауытында қазақстандық мұнайдан авиаотын өндіруді қолға алды деген ақпарат таратқан болатын.   

Өзбекстанда қазақстандық мұнайдан әуе отыны өндірілген жоқ – министрлік Фото: yuz.uz

ҚР Энергетика министрлігі Өзбекстандағы Ферғана мұнай өңдеу зауытында авиациялық отын өндірісі қазақстандық мұнай арқылы жүзеге асырылатыны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәлімдеуінше, "ҚазТрансОйл" компаниясы қазақстандық мұнайды Ферғана мұнай өңдеу зауытына жеткізе бастады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Қазіргі уақытта қазақстандық мұнай магистральдық құбыр жүйесі арқылы аталмыш зауытқа тасымалданбайды. Министрлік БАҚ пен халықты тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу