Оның сөзінше, Өзбекстандағы обаға қатысты жағдай бақылауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ташкентте жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде обаны анықтауға арналған зертхана қатаң режимде дайындалып жатыр. Медициналық мекемеде науқастарды орналастыру үшін төсек-орындар әзірленген.
Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық әуежайларында, теміржол вокзалдары мен мемлекеттік шекарадан өтетін автожолдарында 53 санитариялық-бақылау пункті жұмыс істейді.
Қауіпті инфекцияларды анықтайтын зертханалар қажетті диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілді.
"Еліміздегі обаға қатысты жағдай тұрақты және алаңдауға еш негіз жоқ", – деді Атабеков.
Оба – бактериялар қоздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурудың табиғи ошақтары әлемнің белгілі бір аймақтарында кездеседі.