Өзбекстанда шенеуніктерді жемқорлықтың салдарымен таныстыру үшін түрмелерге апара бастады

180

Алдағы уақытта мұндай шараларға өзге министрліктер тартылмақ.  

Өзбекстанда шенеуніктерді жемқорлықтың салдарымен таныстыру үшін түрмелерге апара бастады Фото: gazeta.uz

Өзбекстанда шенеуніктерді жемқорлықтың салдарымен таныстыру үшін түрмелер мен тергеу изоляторларына апару тәжірибесі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайт жергілікті басылымға сілтеме жасап

"Профилактикалық экскурсиялар" Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске қосылды. Бұл бастама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен 2026 жылға арналған іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр. Алғашқылардың бірі болып мұндай мекемелерге Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің, Кедейлікті қысқарту және жұмыспен қамту министрлігінің, сондай-ақ Кадастр агенттігінің басшылары мен қызметкерлері барды.

Хабарламада айтылғандай, шенеуніктер тергеу бөлмелерімен, қамауда ұстау камераларымен және мекеменің басқа да нысандарымен танысып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесті.

"Мұндай сапарлардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының ауыр салдарын көрсету", – деп хабарлады агенттік.

Алдағы уақытта мұндай шараларға өзге министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары салаларда жұмыс істейтін қызметкерлер де тартылмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу