Өзбекстанның жастар хоккей құрамасы әлем чемпионы атанды

449

Гонконгта өткен жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден (U18) әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы айтулы жетістікке жетті.

Өзбекстанның жастар хоккей құрамасы әлем чемпионы атанды Фото: fergana.news

Турнир 2-8 наурыз аралығында өтті. Жарыс барысында өзбекстандық хоккейшілер сенімді ойын көрсетіп, барлық 5 матчта да жеңіске жетіп, топта 1-орын алды. Осы нәтижемен олар дивизион бойынша жоғарылап, келесі маусымда әлем чемпионатының екінші дивизионының "B" тобына жолдама алды.

Шешуші кездесуде Өзбекстан құрамасы Израильді 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, команда үшінші дивизионның "A" тобында жеңімпаз атанып, келесі жылы деңгейі жоғары дивизионда бақ сынайтын болды.

Айта кетейік, биыл Өзбекстанның ұлттық құрамасы да әлем чемпионатына қатысады. Олар үшінші дивизионның "B" тобында өнер көрсетеді. Турнир 13-19 сәуір аралығында Гонконгта өтеді. Өзбекстан құрамасының қарсыластары – Гонконг, Филиппин, Моңғолия, КХДР және Люксембург құрамалары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу