Падел ресми түрде Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

87

Падел жаһандық спорт түрі ретінде мәртебесін нық бекітіп, Олимпиадаға қарай тағы бір маңызды қадам жасады.

Падел ресми түрде Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді Фото: sportplustv.kz

Азия Олимпиадалық кеңесі падел спортын ресми түрде мойындап, оны келесі Азия ойындарының бағдарламасына енгізді. 

Бұл шешім паделдің бұған дейін Еуропа ойындарына, Оңтүстік Америка ойындарына және Жерорта теңізі ойындарына енгізілуінен кейін қабылданды.

Азияда падел қарқынды дамып келеді. Бүгінде 30-дан астам елде 4 600-ден аса корт пен 1 700 клуб бар.

FIP президенті Луиджи Карраро Азия олимпиадалық кеңесінің мойындауын Олимпиада ойындарына апарар жолдағы аса маңызды қадам деп атап өтті және бұл спорт түрінің Азияда ғана емес, бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқанын растады.

Келесі Азия ойындары 2026 жылы Айти – Нагояда (Жапония) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу