Пандемия кезінде шипажайлардағы демалыс құны 2%-ға қымбаттады

Еліміздегі курорттық қызметтің ең қымбаты елордада, ең арзаны Түркістанда тіркелген.  

Пандемия кезінде шипажайлардағы демалыс құны 2%-ға қымбаттады

Былтыр елімізде 219 мың адам шипажайлар мен өзге де медициналық оңалту орталықтарының қызметін пайдаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Статистикаға сүйенсек 2020 жылы республика бойынша оңалту мен емделуге арналған 153 медициналық ұйым жұмыс істеген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,5%-ға көп. Олардың ішінде 92 шипажай, 25 оңалту орталығы, 15 мамандандырылған санаторий, 9 диспансер бар.

Аталған ұйымдардың көпшілігі, дәлірек айтқанда 107-сі жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Тағы 43 мекеме мемлекеттің иелігінде, бұған қоса 3 шетелдіктердің меншігіндегі ұйым бар. 

Олардың ішінде 61 мекеме қалалық жерлерде, 92 орталық ауыл аймақтарда орналасқан.

Жыл басындағы көрсеткіштерге сүйенсек, шипажайларда және басқа да оңалту мен емдеуге негізделген медициналық ұйымдарда 550 дәрігер мен 2000 медбике жұмыс істейді.

Ал аталған ұйымдарда жалпы саны 20 мың орын бар. Оның 4 мыңы балаларға арналған. Былтыр келушілер шипажайларда 2,5 млн күн демалған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32,6%-ға төмен көрсеткіш. Ал жалпы мұндай медициналық ұйымдарға 218,9 мың адам барған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 30,1%-ға аз. Өңірлер бойынша келушілердің басым бөлігі, 60,5%-ы Түркістан облысында демалған. Одан кейінгі орында Алматы, Ақмол, Қарағанды облыстары тұр. 

Емделушілер мен демалушылардың 61,3% – шипажайларды, 21,1% – оңалту орталықтарын, 6% – диспансерлерді, 3,5%-ы – мамандандырылған санаторийлерді таңдады.

Биылғы жылдың сәуіріндегі көрсеткіштерге сүйенсек, республика бойынша шипажайлардың қызметтері орта есеппен күніне 11,9 мың теңгені құрады. Бір жыл ішінде баға 1,8%-ға өскен.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында курорттық қызметтер ең қымбаты елордада (16,9 мың теңге), ең арзан Түркістанда (күніне 9 мың теңге).
Аймақтардың басым бөлігінде бағалар өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Алайда Қарағанды облысында қызмет құны жылына 13,6%-ға, Маңғыстауда - 5,1%-ға, елордада - 3,5% -ға бірден өсті.

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу