Пандемия мұнай өнімдері нарығын қатты әлсіретті – Нұрлан Ноғаев

3426

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өткен жылы 11,5 млн тонна мұнай өнімі өндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Пандемия мұнай өнімдері нарығын қатты әлсіретті – Нұрлан Ноғаев

"Пандемия мұнай өнімдері нарығын қатты әлсіретті. Бұл жағдай ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуіне және 2020 жылғы карантиндік шараларға байланысты болды", – деді министр.

Нұрлан Ноғаев министрлік мұнай өнімдері нарығын қолдау үшін мұнай өнімдерін автокөлікпен елімізден және Кеден Одағынан тыс жерлерге әкетуге салынған тыйымды алып тастау, мемлекетке теміржол, автомобиль,  құбыр көлігімен бензин, дизель сондай-ақ әуе отынын жеткізуге тыйым салу, мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензинге, дизель отыны мен мазутқа кедендік әкету баж мөлшерлемесін алып тастау сияқты шараларды жүзеге асырғанын айтты. 

Бұдан кейін министр бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдірді. 

"Мұнай өнімдерінің нарығы өте құбылмалы болып табылады. Ол Қазақстанның ішкі нарығында да, көршілес елдерде де салық салу, баға белгілеу жүйесі, мұнай өңдеу зауыттарындағы технологиялық іркіліс немесе күрделі жөндеу сияқты көптеген факторлардан туындайды. Қазақстанда бензин ТМД елдерімен салыстырғанда арзан екенін атап айтқым келеді.

Ішкі нарықта баға төмен болған кезде отандық өнімнің көршілес елдердің нарығына кетуіне байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал баға жоғары болған кезде – импорттық бензиннің профициті салдарынан отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі төмендеп, қоймаларда отандық отынның толып кетуі қаупі туады.

Салдарды азайту үшін 2021 жылдың қаңтарынан бастап жанар-жағармай материалдарының экспорты тоқтатылды. 

Жанар-жағармайды автокөлікпен, сондай-ақ стандартты емес автобактармен және 20 литрден астам канистрлермен әкетуге тыйым салынды", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу