Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Бизнеске несиелер және жалға алу төлемдерін кейінге қалдыру ұсынылды.  

Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Алматы қаласының әкімшілігінде экономиканың аса зардап шеккен секторларын қолдаудың қосымша шаралары туралы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 17 сәуірдегі қаулысымен 2021 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі Кешенді жоспарға толықтырулар енгізілді. Негізгі толықтырулардың арасында — шағын және орта бизнес субъектілерін айтарлықтай қолдауды көздейтін шаралар бар. Алматы қаласының әкімдігі ұзақ уақыт ішінде орталық мемлекеттік органдармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қойылған шектеу іс-шараларының шеңберінде бизнес субъектілеріне қолдау шараларын көрсету бойынша келіссөздер жүргізді. Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша экономика саласында зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі 346 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) дейін кеңейтілді. Осылайша, аталған экономикалық қызмет түрлеріне жататын бизнес субъектілері несиелері бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруға үміт арта алады", деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Тәртіп кәсіпкерлік мақсаттар үшін кіші-, шағын және орта бизнес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің өкілдеріне 2021 жылғы 1 сәуірге дейін берілген банктік қарыздар мен шағын несиелер бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды көздейді. 

Төлемдерді кейінге қалдыру мерзімі қарыз алушының өзінің таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Төлемдерді кейінге қалдыру үшін қарыз алушылар өз банкіне немесе микроқаржылық ұйымға 2021 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде өтініш жасауға тиіс. Бұдан бұрын енгізілген салалардан (өңдеу өнеркәсібі, ақпарат, көлік, қоймалау) басқа экономиканың зардап шеккен салаларының тізбесіне көркемөнер, ойын-сауық және демалыс, көтерме және бөлшек сауда, өмір сүру және тамақтану бойынша қызметтер ұсыну, сондай-ақ бірқатар басқа да бағыттар енгізілді.

2021 жылғы 30 маусымға дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы ұйымдардың меншік иелерінің жылжымайтын мүлік нысандары бойынша олардың жалға алу төлемдерін есептеу кейінге шегерілетін болады.

Алматыда 2020 жылы карантин режімі кезеңінде шағын және орта бизнестің 75 мың субъектісі жалпы сомасы 23,5 млрд теңгені құрайтын салық жеңілдіктерін пайдаланғанын естеріңізге саламыз. 

Несиелер бойынша 127,3 млрд теңгені құрайтын 360 мың қарыз қаражаттарының төлемдері, оның ішінде, шағын және орта кәсіпкерліктің сомасы 72 млрд теңгеге 2889 қарыз қаражаттарының төлемдері (16 наурыздан 15 маусымды қоса алғанда, сомасы 40 млрд тг құрайтын 1588 қарыз қаражаттарының төлемдері; 16 маусымнан 24 тамызды қоса алғанда, сомасы 32 млрд тг құрайтын 1301 қарыз қаражаттарының төлемдері) кейінге қалдырылды.

Құралай Құдайберген


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу