Паралимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан пара таеквондошы Нұрлан Домбаев қарсыласына есе жіберіп алды. Спортшымыз 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында Иран спортшысы Алиреза Бахтпен ширек финалда кездескен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Спорттық бәсекеде қазақстандық спортшы 7:5 есебімен қарсыласына жол берді. Енді Нұрлан қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу