Парадзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды

302

13-15 мамыр күндері Астана пара дзюдодан алғаш рет әлем чемпионатын қабылдады.

Парадзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды Фото: kaz_para_judo

Бүгін Астанада парадзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған жарысқа 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Жарыстың шешуші күнінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста финалдық айқаста Бразилияны жеңіп, әлем чемпионы атанды.       

Негізгі белдесулерде командалар алма-кезек жеңіспен алмасты. Ал соңғы кездесуде Жұрқамырза Шукурбеков Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Марсело Касанованы вазари әдісімен басым түсті                  

Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс жолында Түркия, Үндістан, Өзбекстан елдерін жеңіп, тек Бразилияға есе жіберді. Айналмалы жүйе бойынша өткен белдесулердің қорытындысында чемпиондық атақ қазақ қыздарына бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу