Парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза әлем чемпионы атанды

172

3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.

Парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза әлем чемпионы атанды Фото: KAZ PARA JUDO

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.

Айта кетейік, жерлестеріміз үшін бұл спорттық мансаптарындағы алғашқы жүлде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу