Паралимпиада 2020: Ержан Сәлімгереев финалға шықты

1699

Баттерфляйдан финалдық сайыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 14:51-де басталады.

Паралимпиада 2020: Ержан Сәлімгереев финалға шықты

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында S6 санаты бойынша ерлер арасында 50 метр қашықтықта баттерфляйдан іріктеу өтті. Оған еліміздің атынан Ержан Сәлімгереев қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Ержан 33,14 уақыт көрсеткішімен өз тобында үшінші, ал жалпы есепте 7-нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

Сондай-ақ бүгін Сиязбек Далиев Паралимпиадада 50 метр қашықтықта шалқалай жүзуде сынға түсті. Ол 42.61 уақыт көрсеткішімен, өз тобында мәреге жетінші болып келді. Сиязбек жалпы есепте финалисттердің қатарына ілге алмай, 12-нәтиже көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, бесінші орын иеленген болатын.

Паралимпиада ойындарында 200 метр қашықтықта кешенді жүзуден іріктеу сайыстары өтті. Жарысқа Қазақстан атынан Нұрдәулет Жұмағали қатысты. 2: 25.92 нәтижесімен ол өз тобында жетінші болып жарысты аяқтады. Ал жалпы есепте ол 14-болып, финалға шыға алмады. Осылайша Паралимпиада ойындарын іріктеу сайыстарымен аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, әзірге ел қоржынында төрт медаль бар. Пауэрлифтингтен Дэвид Дегтярев "алтын", сондай-ақ Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Зарина Байбатиналар парадзюдодан "күміс" жүлдегер атанды. Паралимпиада ойындары 5-қыркүйекке дейін жалғасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу