Паралимпиада 2020. Роман Агалаков 11-нәтиже көрсетті

1437

Токиодағы паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардан алғашқы болып Роман Агалаков жарыс жолына шықты.

Паралимпиада 2020. Роман Агалаков 11-нәтиже көрсетті

Баттерфляй әдісімен жүзуде Роман Агалаков 100 метр қашықтықты 1: 02.21 -де бағындырып, өз тобында бесінші орынға ие болды. Нәтижесінде Агалаков жалпы іріктеуді 11-болып аяқтап, жарыстың негізгі бөлігіне өте алмады. Іріктеуге қатысқан 13 спортшының үздік нәтиже көрсеткен сегізі келесі айналымға шықты. Осылайша қазақстандық спортшы жарысты аяқтады. Ал финалға өткен спортшылар бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:32-де сынға түседі.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 24 тамызда өтті. Жарысқа Қазақстан атынан 25 атлет қатысуда. Олар спорттың жеті түрінен бақ сынайды. Қазақстанның туын паратаеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Нұрлан Домбаев пен 2016 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева алып шықты. 

Паралимпиадада Роман Агалаковтан бөлек Нұрдәулет Жұмағали, Нұрәлі Советқанов, Сиязбек Далиев, Ержан Сәлімгереев, Зульфия Габидулина, Әлия Рахымбекова (жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (жеңіл атлетика), Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (дзюдо),  Бибарыс Спатай (каноэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камила Досмалова (таэквондо), Давид Дегтярев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина (пауэрлифтинг), Айсұлу Жұмабаевалар ел намысын қорғайтын болады. Жарыстар 5-қыркүйекте мәресіне жетпек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу