Паралимпиада - 2020: Сиязбек Далиев финалға, Әнуар Сариев ширек финалға шықты

1680

Сиязбек Далиев бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 15:25-те финалда сынға түседі.

Паралимпиада - 2020: Сиязбек Далиев финалға, Әнуар Сариев ширек финалға шықты

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында S5 санаты бойынша ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуден жартылай финалдық жарыс өтті. Оған Қазақстаннан Сиязбек Далиев қатысты. Алғашқы кезеңде Далиев 35,73 секунд нәтижесімен екінші орын иеленді. Ал жалпы қорытынды бойынша ол төртінші нәтиже көрсетті. Осылайша ол бүгін сағат 15:25-те өтетін финалға жолдама алды.

Сонымен қатар Паралимпиадада дзюдодан жарыстар басталды. Сайысқа қазақстандық спортшылар да қатысуда. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әнуар Сариев алғашқы ширек финалдағы кездесуін моңғол спортшысы Ядамдорж Сукхбаатарға қарсы өткізді. Жекпе-жек нәтижесі Сариевтің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Енді жерлесіміз жартылай финалда венесуэлалық Маркос Бланкомен кездеседі.

Жеңіл атлетикадан T35 санатында 100 метр қашықтықта жарыстар өтті. Бұл сайыста Салтанат Әбілқасымқызы 16,54 секунд нәтижесімен өз тобында төртінші нәтиже көрсетті. Ал жалпы есепте соңғы, тоғызыншы орынға ие болды. Өкінішке орай Салтанат финалға шыға алмай, жарысты аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік қазақстандық спортшылардан Паралимпиадада алғашқы болып пауэрлифтингтен Дэвид Дегтярев "алтын" медаль жеңіп алды. Токиодағы Паралимпиадалық ойындар 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы ел намысын қорғауда.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу