Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында тарихи рекорд орнатты

622

Қоржынға кімдер жүлде салды?

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында тарихи рекорд орнатты Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы Париждегі XVII Паралимпиада ойындарын 9 медальмен аяқтады. Бұл Токиодан үздік көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Айталық, пауэрлифтингтен 54 келі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев 188 келіні көтеріп, алтын еншіледі. Ол Токиода да жеңімпаз атанған. Осылайша, ол Қазақстан тарихында екі дүркін Паралимпиада чемпионы болған алғашқы спортшыға айналды.

Пара дзюдодан 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек чемпион болды. Ал Ерғали Шамей күміс алса, Даяна Федосова, Зарина Раифова және Жұрқамырза Шүкірбековтер қоланы қанағат тұтты.

Нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс жеңіп алды. Жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, спортшыларымыз 2021 жылы Токиодағы Паралимпиада ойындарында 5 жүлде (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) алған. Ал 2016 жылы Риода 2 жүлде (1 алтын және 1 күміс) алған.

Паралимпиада ойындары бүгін аяқталады. Қазірге Қазақстан құрамасы 39-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу