Қазақстандықтар финалда Қытай құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды.
Алғашқы екі партияда алаң иелері 25:15, 25:19 есебімен басым түскен еді. Ал үшіншісінде қазақстандықтар 25:19 есебімен есе қайырды.
Төртінші сетте алдымен қытайлықтар 10:5 есебімен алға кетті. Дегенмен Бауыржан Тахауовтың шәкірттері таразы басын теңестіріп, кейінгі сетті өз пайдасына жазды – 25:20.
Шешуші, бесінші партияда қазақстандықтарды қытайлықтар тоқтата алмады – есеп 15:8. Қорытынды есеп 3:2 болды.
Осылайша, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы камбэк жасап, алғаш рет өз тарихында Азия чемпионы атанды.
"Өз шәкірттеріме ризамын. Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсете білді", – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов.
Өткен жылы Париж Паралимпиадасына қатысып, 5-орынға табан тіреген қазақстандық параволейболшылар биын осындай тарихи табысқа жетіп отыр.