28 шілдеде Париж Олимпиадасында тағы бір топ қазақстандық спортшылар жарыс жолын бастайды. Олардың жарыс кестесінің уақыты Олимпиада ойындарының сайтында көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Астана уақытымен ойын кестесі:
11:30 Бадминтон. Ерлер. Іріктеу
Дмитрий Панарин – Кента Нишимото (Жапония)
12:15 Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка 10 метр. Іріктеу
Александра Ле, Арина Алтухова
13:00 Дзюдо. Ерлер. Алдын ала іріктеу
66 келіге дейін. Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсия Торне (Испания)
13:00 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. Алдын ала іріктеу кезеңі
Вадим Шарлаимов – Гарри Санер (Оңтүстік Африка)
14:15 Оқ ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка 10 метр. Іріктеу
Константин Малиновский, Ислам Сатпаев
14:48 Бокс. Ерлер. 1/8 финал
92 келіге дейін. Айбек Оралбай – Адам Олаоре (Нигерия)
15:00 Теннис.
15:50 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. 1/16 финал
Руслан Курбанов – Хуссам Эль Корд (Марокко)
16:40 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. 1/16 финал
Эльмир Әлімжанов – Луиджи Миддлтон (Франция)
18:46 Бокс. Ерлер. 1/16 финал
71 келіге дейін. Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишаиш (Иордания)
19:50 Бокс. Әйелдер. 1/16 финал
50 келіге дейін Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия)
Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.
"Jibek Joly" телеарнасы арқылы семсерлесу сағат 12:30 және 22:00, спорттық гимнастиканың финалы 17:10-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.