Париж-2024: Франция Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қалай дайындалып жатыр?

927

Олимпиада алауы тұтанар шақтағы әзірлік жұмыстарына шолу. 

Париж-2024: Франция Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қалай дайындалып жатыр? Фото: AP

Олимпиада алауы сейсенбі күні Грекияда тұтанады. Кейін ол Парижге жеткізіліп, 26 шілдеде Жазғы ойындарды бастауы керек.

Қауіпсіздік Франция үкіметінің басты мәселесіне айналып отыр және ашылу салтанатының жоспарлары қайта қаралып жатыр.

Парижде Олимпиада және Паралимпиада ойындары қашан өтеді?

Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, оған 329 спорт түрінен 10 500 спортшы қатысады.

Паралимпиада 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, онда 549 спорт түрінен 4400 спортшы сайысқа түсуі керек.

Олимпиадаға 206, ал Паралимпиадаға 184 мемлекеттен атлеттер қатысады.

Олимпиада және Паралимпиада ойындары қайда өтеді?

Жеңіл атлетиканың негізгі жарыстары Париж шетіндегі "Стад де Франс" стадионында өтеді.

Алайда Париж орталығында 15 Олимпиада және 11 Паралимпиада алаңы болады. Мысалы, Понт д'Иенада велоспорт жарыстары, ал сол марафонның басталу және аяқталу нүктелері Hotel de Ville және Les Invalides қонақүйі маңынан табылмақ.

Францияның қауіпсіздік күштері Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр?

Дрон шабуылы сияқты қауіптерге алаңдаған үкімет Олимпиаданың ашылу салтанатында көрермендер санын қысқартты.

Бұл шарада ұлттық командалар қайықтармен Париждің орталығы арқылы Сена өзенінің 6 шақырымдық бойымен жүзіп өтеді деген болжам бар.

Бастапқы жоспар бойынша, бұл оқиғаны 600 000-ға жуық адам жағалаудан тамашалауға тиіс еді. Дегенмен, үкімет қазір тек 300 000 шақырылған қонаққа рұқсат етілетінін айтып отыр.

Ал президент Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, қауіп тым зор болса, ашылу салтанатын Сена жағасынан толығымен көшіруге болады.

Оның орнына, бүкіл шаралар "Трокадерода" немесе "Стад де Франста" өтуі мүмкін.

"В және С жоспары бар.Біз оларды параллельді түрде дайындап жатырмыз, біз олардың жай-жапсарын нақты уақытта талдаймыз", - дейді президент Макрон.

Француз үкіметі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 20 мыңға жуық сарбаз бен 40 мыңнан астам полиция қызметкерін тартпақ. Оларға басқа елдерден келген 2000-ға жуық әскер мен полиция қолдау көрсетеді.

Қауіпсіздік қызметтері Ойындарға жиналатын бір миллион адамды, оның ішінде спортшыларды, Олимпиада нысандарына жақын тұратын тұрғындарды, медициналық қызметкерлерді және еріктілерді тексеріп жатыр.

Франция премьер-министрі Габриэль Аттал барлау агенттіктерінің 2024 жылдың басында күдіктілердің елге қарсы екі жоспарын әшкерелегенін атап өтті.

"Террорлық қауіп нақты әрі күшті", - дейді француз үкіметінің жетекшісі.

Ресейдің Париж 2024 Олимпиадасына қатысуына тыйым салынды ма?

Ресейдің Украинаға басып кіруіне және Беларусьтың бұл соғыста Мәскеуді қолдауына байланысты Ресей мен Беларусьтың Олимпиадаға қатысуына  рұқсат етілмейді.

Бұл елдердің өкілдеріне тек бейтарап спортшылар ретінде қатысуға рұқсат беріліп отыр.

Осының бәріне ашынған Ресей, қыркүйекте Мәскеу мен Екатеринбургте "Дүниежүзілік достық ойындарын" өткізетінін жариялады.

Кеңес Одағы осындай спорттық шараны 1984 жылы Лос-Анджелестегі жазғы Олимпиадаға бойкот жариялағаннан кейін өткізген еді.

Макронның сөзінше, Ресей Париж ойындарына нұқсан келтіру үшін үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп, Олимпиаданың нашар ұйымдастырылғаны туралы мақалалар жариялап жатыр.

Израиль Олимпиададан аластатылды ма?

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Халықаралық Олимпиада комитетін (ХОК) Газа секторындағы әскери операциясы үшін Израильдің Олимпиадаға қатысуына тыйым салмады деп сынады.

Алайда ХОК президенті Томас Бах бұл уәжді қабылдамай, Израильдің қатысатынын растап отыр.

Олимпиада Франция халқынан қолдау тапты ма?

Бір сауалнама нәтижесіне жүгінсек, париждіктердің 44%-ы Олимпиаданы өткізуді "жаман нәрсе" деп санайды және тұрғындардың көбі қаладан кетуді жоспарлап отыр.

Ойындар кезінде Парижде автобус пен метрода жүру ақысы екі есеге өседі.

Олимпиадалық және Паралимпиадалық қалашық пен жаңа су спорты орталығы Париждің солтүстігіндегі Сен-Сен-Дени деп аталатын ауданда - Францияның ең кедей бөліктерінің бірінде орналасқан.

Қайырымдылық ұйымдары болса, жүздеген босқынның жаңа алаңдарға жақын ғимараттардан қуылғанына шағымданып отыр.

Париж орталығындағы ойындар өтетін орындар жұртшылықтан оқшауланып, қоршауға алынып, көлік қозғалысын мейлінше шектелуі мүмкін.

Бірқатар метро станциялары мен теміржол вокзалдары Ойындар кезінде ішінара немесе толық жабылады.

"Париж адам төзгісіз жағдайға жетейін деп отыр. Көлік қою мүмкін емес; қозғалу мүмкін емес; ештеңе істеу мүмкін емес", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі BBC телерадиокорпорациясына берген сұқбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу