Бүгін Олимпиадада отандық спортшылардан кімдер жарысқа шығады?

320

Дзюдошыларымыз Әбиба Әбужақынова, Елдос Сметов және велоспортшы Евгений Федоров бастаған спортшыларымыз бірден жүлделі орындарға таласады.

Бүгін Олимпиадада отандық спортшылардан кімдер жарысқа шығады? Фото: Olympic.kz

Бүгін дзюдо, бокс, спорттық гимнастика, академиялық ескек есу, теннис, оқ ату, үстел теннисі және велоспорттан спортшыларымыз сынға түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 шілде күнгі жарыс кестесі:

Дзюдо

48 кг, Әбиба Абужақынова – Сара Ришони (Израиль) 1-айналым

60 кг, Елдос Сметов – Торнике Чкадуа (Нидерланд) 1-айналым

Алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады. Елімізде тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Нысана көздеу

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды. 3-4 орын қола медальді сарапқа салады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова. Ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақытымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады. "Хабар" арнасы ерлер арасындағы іріктеуді көрсетеді.

Академиялық ескек есу

Іріктеу – Владислав Яковлев. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді. Жарысты ертең 11:55-те Qazsport арнасынан көре аласыздар.

Спорттық гимнастика

Көпсайыс – Милад Карими, ат снаряды – Нариман Курбанов 18:30-да "Хабар" арнасы, іріктеу кезеңі.

Велоспорт

Жекелей сындағы уақытқа жарыстың финалы – Евгений Федоров. Qazsport арнасы 18:35-те көрсетеді.

Теннис

Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Үстел теннисі

Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00

Бокс

Біздің уақытпен 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де "Хабар" арнасының эфирінде:

63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу