Жазғы Олимпиада ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды құшақ жая қарсы алған Париж көшелерінде қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновтың суреті бейнеленген баннерлер пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Sportarena.kz тілшісі Парижді аралап, көшедегі шетелдіктерден қазақ спортшыларын білетін-білмейтіндіктерін сұрады.
"Мына боксшыны ма?! Жоқ... Мен оған Олимпиаданы сәтті өткеріп, мүмкіндігінше биік белестерден көрінуін тілеймін", - деді Сәкен Бибосыновтың суреті бар баннер жанына тоқталған адамдардың бірі.
"Жоқ, бірақ біз боксқа барамыз. Ол туралы ештеңе білмейді екенмін. Иә, оған сәттілік тілеймін! Медаль бұйырсын", - деп жауап берді отбасылы жұп.
Тілші Сәкен Бибосыновқа қатысты сұрақты тағы бір жас жігітке қойды.
"Жоқ, мен оны білмейді екенмін. Менің ойымша, оның барлық мүмкіндігі бар. Оған тек сәттілік тілеймін!", - деді ол да.