Қазақстан Париж Олимпиадасын нешінші орынмен аяқтады

747

Париждегі Олимпиада ойындары аяқталды. 

Қазақстан Париж Олимпиадасын нешінші орынмен аяқтады Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарының жалпы командалық есебінде 43-орынға тұрақтады. Еліміздің қоржынында 7 медаль – 1 алтын, 3 күміс, 3 қола бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Отандық спортшы ел қоржынына алтын медаль сыйлады.

Спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай күміс медаль еншіледі.

Нысана көздеуден аралас командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле, дзюдодан 66 келі салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев, әйелдер боксынан 51 келі салмақта Назым Қызайбай қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан Париждегі жазғы олимпиадаға қатысу үшін спорттың 25 түрінен 92 лицензия ұтып алған болатын.

Айта кету керек, 2021 жылы Токиода өткен олимпиада ойындарында Қазақстан 8 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 83-орында болды. 2016 жылы Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль ұтып алып, 22-орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу