Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше өтеді

560

Ашылу салтанаты біреу, ал жаңалықтар бірнеше.

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше өтеді Фото: france.jr

Ойындарды ұйымдастыру комитетінің, Париж қаласының, Франция үкіметінің, ХОК және Францияның Ұлттық Олимпиада және спорт комитетінің бірлескен күш-жігерінің арқасында ашылу салтанаты жаңаша форматта өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ашылу салтанаты біреу, ал жаңалықтар бірнеше 

2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын ерекше және бірегей деп атауға болады. Бұл Олимпиада тарихындағы ең есте қалатын сәттердің бірі болары сөзсіз.

Олимпиаданың ашылу салтанаты стадионнан тыс жерде өтеді 

Жазғы Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет ашылу салтанаты стадионда өтпейді. Париж 2024 қалада спортты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және қаланың қақ ортасындағы негізгі су жолы – Сена өзенінің бойында ашылу салтанатын ұйымдастырады.

Өзендегі ашылу салтанаты

Спортшылар шеруі Сена бойында өтеді. Өзен бойымен әр делегация жеке-жеке қайықпен жүреді. Салтанатты шараны теледидар немесе интернет арқылы тамашалайтын көрермендер спортшыларды жақыннан көре алатындай барлық командалық қайықтар камералармен жабдықталады. Шығыстан батысқа қарай өзен бойымен 10 500 спортшы Париждің орталығын кесіп өтеді. Сол аймақта ойындар өтеді және спортшылар алдағы 16 күн ішінде өз шеберліктерін көрсетеді. Шеру 6 шақырым жолды жүріп өтіп, Трокадероның алдында аяқталады. Онда салтанатты іс-шараның қалған бөлігі және шоу өтеді.

Көптеген көрермендер үшін салтанатты шараға кіру тегін 

Кең аудиторияға ашық және көптеген көрермендер үшін кіру жарнасы жоқ салтанатты өткізу – төртжылдықтың басты додасындағы алға жасалған үлкен қадам.

Жанкүйерлерге жоғарғы айлақтарға кіру үшін билет қажет емес. Бірақ Аустерлиц көпірінен Йена көпіріне дейінгі төменгі айлақтарға кіргісі келетін жанкүйерлер үшін билет сатып алуы керек. Сексен алып экрандар мен динамиктер баршаға Франция астанасына тарайтын бұл шоудың сиқырлы атмосферасынан ләззат алуға мүмкіндік береді. 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Ойындар тарихындағы ең ауқымдысы болмақ.

Шеру Сена өзенінің бойымен шығыстан батысқа қарай 6 шақырымға созылады. Ол Ботаникалық бақтың жанындағы Аустерлиц көпірінен басталып, қала орталығындағы екі аралды (Сен-Луи аралы мен Сите аралы) айналып өтіп, бірнеше көпірлердің астынан өтеді. Спортшылар қайықтан Ойындар өтетін орындарды, соның ішінде "Келісім алаңын", мүгедектер эспланадасын, Гран-Пале және ең соңында шеру аяқталатын Трокадеродағы соңғы іс-шара өтетін Йена көпірін көре алады.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылдың 24 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Франция астанасына 206 елден 10 мыңға жуық спортшы келеді. Спортшылар 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу