Париж олимпиадасының жеңімпазы мен жүлдегерлері сыйақыларын алады

344

Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады.    

Париж олимпиадасының жеңімпазы мен жүлдегерлері сыйақыларын алады Фото: olympic.kz

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаға сәйкес жүзеге асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл қадам Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асып отыр. Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген.

Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

Айта кетейік, Франция астанасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде иеленді. Олимпиада жүлдегерлері ел үкіметі тарапынан қомақты сыйақы алуға құқылы. Қазақстан заңнамасына сәйкес, олимпиада ойындарында 4-6 орын алған спортшылар да ақшалай сыйақы алуы тиіс. Бапкерлері де назардан тыс қалмайды.

Париждегі ойындар қорытындысы бойынша жалпы алғанда мемлекеттен осы мақсатта

1 миллиард 145 миллион теңге бөлінуі керек.

Сыйақы кімдерге және қанша беріледі?

Алтын  (250 мың доллар): Елдос Сметов (дзюдо).

Күміс (150 мың доллар): Нариман Курбанов (спорттық гимнастика), Демеу Жадраев (грек-рим күресі), Нұрбек Оралбай (бокс).

Қола (75 мың доллар): Александра Ле және Ислам Сатпаев (оқ ату), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо) және Назым Қызайбай (бокс).

Төртінші орын (30 мың доллар). Құрамада төрінші орын алған ешкім жоқ.

Бесінші орын (10 мың доллар): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Әйбек Оралбай, Сакен Бибосынов (бокс), Абиба Абужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Амир Маймұратов (шыңға өрмелеу).

Алтыншы орын (5 мың доллар): Александра Ле (оқ ату), Руслан Курбанов (семсерлесу жекелей сын), Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов и Ерлік Сертай (фехтование, командалық сын).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу