Париж олимпиадасының жүлдегерлері әлі күнге дейін сыйақыларын ала алмай жүр

262

Кезінде Қазақстан олимпиадалық медальдар үшін берілетін сыйақы көлемі бойынша үздік 10 елдің (9-орын) қатарына кірді деп бір мақтанған едік. Ал, енді мына жағдайға не дейміз?

Париж олимпиадасының жүлдегерлері әлі күнге дейін сыйақыларын ала алмай жүр

Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ресми түрде аяқталғанына тоғыз айға жуық уақыт өтті. "Дядя Ваня" арнасына сұхбат берген жарыстарға қатысқан қазақстандық спортшылардың бірі (атын атамауды өтінген) елге медальмен оралған чемпиондарға әлі күнге дейін мемлекет тарапынан уәде етілген сыйақылардың берілмегенін айтты.

Франция астанасында өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Олимпиада жүлдегерлеріне ҚР Үкіметі тарапынан қомақты сыйақылар берілуі тиіс. Қазақстан заңнамасына сәйкес, 2025 жылғы Ойындарда 4-тен 6-орынға дейінгі нәтижелер көрсеткен спортшылар да қаржылай ынталандыру алады.

"Олимпиадаға қатысқан ешбір спортшы әзірге сыйақы алған жоқ. Бізге тіпті сыйақылардың шамамен қашан берілетіні де айтылмай отыр. Ұлттық спорт федерацияларынан нақты жауап жоқ. Ақша жоқ, бірақ шыдаңыздар дейді", – деді танымал қазақстандық спортшы "Дядя Ваня" арнасына берген сұхбатында.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері:

Алтын ($250 мың): Елдос Сметов (дзюдо).

Күміс (әрқайсысы – $150 мың): Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика), Демеу Жадраев (грек-рим күресі), Нұрбек Оралбай (бокс).

Қола (әрқайсысы – $75 мың): Александра Ле және Ислам Сатпаев (нысана көздеу),Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Назым Қызайбай (бокс).

4-орын (әрқайсысы – $30 мың): 4-орын алған қазақстандық спортшылар жоқ.

5-орын (әрқайсысы – $10 мың): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов (бәрі – бокс), Әбиба Әбужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Әмір Маймұратов (спорттық өрмелеу).

6-орын (әрқайсысы – $5 мың): Александра Ле (нысана көздеу), Руслан Құрбанов (семсерлесу, жеке жарыс), Руслан Құрбанов, Елмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай (семсерлесу, командалық жарыс).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу