Парижде Назым Қызайбайды Геннадий Головкиннің өзі марапаттады

2550

Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан жүлдегерлер марапатталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Парижде Назым Қызайбайды Геннадий Головкиннің өзі марапаттады Фото: Olympic.kz | Турар Казангапов

Олардың қатарында Назым Қызайбай қызымыз да бар.

"Бүгін финалдық жекпе-жектерді көріп, қарсыласымның қаншалықты мықты екенін байқадым. Ал рингте оны өзім сезбеппін. Мықтыны мықты деп мойындау керек. Жалпы, менің дайындық уақытым өте қысқа болып қалды. Лицензияны соңғы турнирде ұтып алдым. Егер жолдаманы Италияда, болмаса Азия ойындарында жеңіп алғанда бұдан да жақсы, үлкен дайындықпен келетін едім. Қола медаль жеңіп алғаныма да қатты қуанып тұрмын. Медальді міне, мойныма жаңа ғана тақтым. Шешкім келіп тұрған жоқ. Мен бұны ұзақ күттім. Бұрын Геннадий Головкинді тек телевизордан көретінмін. Міне, бүгін қасымда өзі құттықтап, марапаттап жатыр. Мен үшін бұл Олимпиаданың қола жүлдесі – өмірімдегі ең қымбат асыл дүниенің бірі", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу