Парсы шығанағында 132 миллион баррель мұнай тиеген кемелер бөгеліп тұр

105

Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты Парсы шығанағында 20 мыңға жуық теңізші мен 2 мыңдай кеме тұрып қалған.

Парсы шығанағында 132 миллион баррель мұнай тиеген кемелер бөгеліп тұр Фото: azertag.az

Бұған дейін Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иран мен АҚШ арасындағы уақытша бітім кезеңінде Ормуз бұғазы арқылы барлық кемелердің өтуіне толық рұқсат берілетінін мәлімдеген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Белта басылымына сілтеме жасап. 

Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен түпкілікті келісім жасалғанға дейін теңіз блокадасы сақталатынын жеткізді.

Өз кезегінде Иранның Tasnim агенттігі елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіне сілтеме жасап, егер АҚШ теңіз блокадасын жалғастырса, Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта тоқтатуы мүмкін екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу