Пәтер иелерінің басқарудың жаңа формасына өту мерзімі өзгеріссіз қалды

9270

Халық мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестің бірін таңдау үшін онлайн-дауыс беруі мүмкін. 

Пәтер иелерінің басқарудың жаңа формасына өту мерзімі өзгеріссіз қалды

Пандемия қазақстандық пәтер иелерін жаңа басқару нысандарына біріктіру жоспарына өзгеріс енгізіп отыр. Талай жыл сыннан арылмай жүрген басқару формаларының орнына мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестіктер құру ұсынылып отыр. 2022  жылдың ортасында дейін барлық пәтер иесі осы екі форманың бірін таңдауы керек. Сол үшін барлық пәтер иесі 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін жиын өткізулері керек болған.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіковтің айтуынша, пандемия салдарынан ол жоспар орындалмай отыр.

"Қабылданған заң бойынша пәтерлер мен тұрғын емес ғимарат иелері 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін жиын өткізіп, басқарудың бір қалыбын, мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті таңдауы керек болған. Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал меншік иелерін көзбе-көз жиындар өткізу мүмкіндігінен шектеді. Осыған байланысты, COVID-19 инфекциясын тараптау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңесі бойынша жиындарды өткізу мерізімі кейінге шегерілді. Бірақ мүлік иелерінің бірлестігіне немесе жай серіктестікке толықтай өту мерзімі өзгертусіз қалып отыр. Яғни, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін "КСК", пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативі, пәтер иелері кооперативі сияқты басқару түрлері аталған мерізмге дейін қолындағы барлық техникалық және қаржылық құжатты акт бойынша мүлік иелерінің бірлестігіне немесе жай серіктестіктерге өткізіп, заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша қызметін тоқтатуы керек", деді ол.

Компания өкілінің айтуынша,. санитарлық шектеулерді ескеріп, меншік иелеріне ақпараттандыру нысандары арқылы онлайн-дауыс беру мүмкіндігі берілмек. 

"Қазір Қазақстан нарығында ақпараттандыру және көппәтерлі үйлерді басқару бойынша жұмыс істейтін 10-нан астам осындай нысан бар. Солардың кейбірі дауыс беруді онлайн-режимде өткізе алады",  деді Нұрбек Серіков орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте. 

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу