Пәтерін жалға беретіндер мен такси жүргізушілері салық төлеуі тиіс

2922

Қазақстандықтардың бас уайымына айналған мәселенің мән-жайын материалдан оқи аласыздар. 

Пәтерін жалға беретіндер мен такси жүргізушілері салық төлеуі тиіс Фото: inbusiness.kz

Көлеңкелі нарықтан шығу үшін қазақстандықтар ЖК тіркеп, салық төлеуі тиіс.

2024 жылдың қаңтарынан бастап бұл міндеттеме такси жүргізушілері мен пәтер жалдаудан пассивті кіріс алатындарға да қатысты болмақ. Қарапайым азаматтар салық заңнамасының жаңалықтарын қалай қабылдағанын inbusiness.kz тілшісі анықтап көрді.

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары дөңгелетіп отырған кәсіпке қатысты болатыны белгілі. Кәсіпкер болып саналатын таксистер бойынша салық органдары мәліметтерді 2024 жылдың қорытындысы бойынша алады.

Urban Forum зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда такси агрегаторларымен 213 мың адам жұмыс істейді, олардың 83%-ы үшін бұл негізгі табыс көзі емес.

Зерттеу көрсеткендей, агрегаторлармен жұмыс істейтін жүргізушілер дәстүрлі такси жүргізушілеріне қарағанда сағатына көбірек ақша табады. Жанармай шығындары, агрегатор мен такси паркінің төлемдері, автокөлік жалдау және амортизация сияқты барлық шығындарды ескерсек, сапардан түскен таза кіріс 51%-ды құрайды.

"Қазақстан бойынша 2022 жылы жүргізушінің орташа табысы отын шығындарын және таксопарктен автокөлік жалдау ақысын алмағанда 493 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш Астанада 665 мың теңгеге жетті, одан кейін Алматы (615 мың) және Шымкент (460 мың) келеді. Жүргізушінің таза табысы Қазақстандағы орташа жалақыға сәйкес келеді, бұл 204 мың теңге",  деп атап өтті сарапшылар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті "Яндекс.Таксимен" бірлесе отырып, Астана және Алматы қалаларында такси жүргізушілері үшін платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Жүргізушілердің келісімімен салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды "Яндекс" жүргізетін болады. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер такси жүргізушісінің алған табысының сомасына қарай айқындалатын болады.

Бүгінгі таңда кез-келген такси жүргізушісі мобильді қосымша арқылы тіркеліп, тиісті режимді таңдап, салық төлей алады. Сонымен қатар, ол осы пилоттық жобаға қатыса алады, деп атап өтті ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Inbusiness.kz салық заңнамасындағы новеллалар мәселесі бойынша такси жүргізушілері мен фамилияларын жасырын ұстағысы келген кейбір жалға берушілер арасында сауалнама жүргізді.

"Иә, мен жеке кәсіпкерді тіркеп, салық төлеу керек екенін білемін. Әзірге шынымды айтсам, мен егжей-тегжейін түсіне қойдым деп айта алмаймын. Бұл іс жүзінде қалай болптынын көрейік", дейді Enrive қызметінің такси жүргізушісі Самат.

Жадыра ЖК-ны тіркеп, салық төлеуден мүлдем бас тартып отыр.

"Мен күнделікті адам тасымаймын, кейде бос уақытым болған кезде ғана шығамын. Мысалы, балабақшаға барар жолда немесе балаларды үйірмелерден алып келер уақытта. Неліктен мен жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, алаңдауым керек? Олар мұнымен не көрсеткісі келеді – қосымша ақша табуға мәжбүр такси жүргізушілерінің есебінен кәсіпкерлер санын арттырмақ па? Оданша салықты әлеуметтік желіде толып жүрген жеңіл жүрісті қыздар төлесін", дейді әйел.

Жақында Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтар негізгі жұмыстан кейін қосымша жұмысынан бастап өз кірістерін декларацияда көрсетуі керек екенін хабарлады.

Бұл таксиде толық емес жұмыс күні ме, торт пісіру немесе тоқу ма, бәрібір. ЖК тіркеудің басты критерийі жүз және одан да көп адамнан ай сайынғы мобильді аударымдардың болуы ғана емес, 12 ЕТЖ (840 мың теңге) асатын табыс деңгейі екенін атап өтеміз. Себебі біреу, мысалы, әрбір қызмет үшін 5-20 мыңнан, ал біреу күнбағыс тұқымы немесе үй пирогы үшін 200 теңгеден (толық емес жұмыс істейтін зейнеткер) жүз және одан да көп рет аударым жасалуы мүмкін.

"Егер оның табысы осы шектен аспаса, онда бұл адамға ЖК ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, егер азамат 12 ең төменгі жалақыдан астам пайда көрсе, дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті", деп жауап берді ҚР Қаржы министрлігі МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.

Пәтерді жалға беруге қатысты да біраз сұрақтар бар. ЖК тіркеу және салық төлеу бұрыннан бар болғанына қарамастан, көпшілігі жылжымайтын мүлікті жасырын түрде жалға беруді жалғастырып келеді.

"Бұл адамдарға кәсіпкер ретінде өз бетінше тіркелуді ұсынамыз. Қазір салық режимдері бар, олар пәтерді жалға беретін кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.  Мысалы, мобильді қосымшада табыс салығы ставкасы 1% болатын арнайы салық режимі бар. Мұндай азаматтарға декларация тапсырудың қажеті жоқ", деді МКК өкілі.

Алайда, жаңа Салық кодексінің нормалары әлі де заңды қайта айналып өтуге және пәтерді жалға беру үшін салық төлемеуге мүмкіндік береді. МКК мобильді аударымдарды туыстар арасында жүзеге асыруға болатындығын және мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ екенін атап өтті, өйткені олар жеке тұлғаның кірісіне жатпайды.

Осылайша, жалға беруші айына бір рет жалға алушыдан тұру ақысын ала отырып, өзін туысы ретінде көрсете алады және сәйкесінше жеке кәсіпкерді тіркемейді және салық төлемейді.

"Біздің күйеуімізбен жалақымыз өмір сүруімізге жетпейді. Сондықтан біз өз пәтерімізді жалға беріп, ата-анамызбен бірге тұрамыз. Қазір көбісі осылай жасайды отбасылармен ақша үнемдеу үшін бірігеді. Туыстарымыз бен жалға алушыларды ескертіп қойғанбыз. Айына бір рет біз жалдау ақысын аламыз кішкене ғана қосымша табыс.  ЖК әлі тіркелмеген, бұған дейін БЖТ төленген. Біз өмір бойы ата-анамызбен бірге өмір сүрмейміз, өз пәтерімізге ораламыз ғой, ал кейін ЖК-ны жабу қиынға түседі, яғни бізге тиімсіз. Сондықтан бір пәтерді тапсыру үшін ЖК ашуды жоспарламаймыз", деп бөлісті Наталья.

inbusiness.kz мұндай жағдайларда салық органдары қазақстандықтарды қалай бақылайды деген сұрағына МКК өкілі мұндай азаматтарды көлеңкеден шығару өте қиын болады деп жауап берді.

"Халықтың азаматтық ұстанымы болуы керек және егер олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, салықтар төлеуі тиіс. Сонымен қатар бүгінде жеке кәсіпкерді тіркеу үшін бұрынғыдай ешқайда барудың қажеті жоқ. Сіз тек e-Salyk Business мобильді қосымшасын жүктеп алуыңыз керек. Ол арқылы сіз тіркеуден өтіп, микробизнес үшін арнайы салық режимін таңдап, 1% жеке табыс салығын төлей отырып, ресми кәсіпкерлік қызметті бастай аласыз, ешқандай есеп берудің қажеті жоқ. Яғни, біз мүмкіндігінше жеңілдетеміз, бастысы кәсіпкер және адал салық төлеуші болу керек. Мұнда әр адамның әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі болуы тиіс", деп қорытындылады Нұржан Қуандықов.

Табысы 12 ЕТЖ-ден аспайтын адамдар үшін ЖК тіркеу міндетті емес, бірақ белсенді азаматтық позицияда болған жөн....

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу