Павлодар облысы бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

2646

2022 жылы бокстан Қазақстан чемпионаты Павлодар қаласында өтеді.

Павлодар облысы бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды. Бұл тауралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара ҚБФ атқарушы директоры Маратбек Мықтыбековтің қатысуымен өтті. Сонымен қатар Павлодар бокс федерациясының негізін қалаушылардың бірі, ҚБФ атқару комитетінің мүшесі Шухрат Данбай, облыстық федерецияның атқарушы директоры Азамат Мақажанов, бапкерлер мен спортшылар қатысты.

"Павлодар облысы 2022 жылғы Қазақстан чемпионатын өткізу мәртебесін жайдан-жай алып отырған жоқ. Жергілікті спорт басшыларының қажырлы еңбегінің арқасында осындай жоғары нәтижелерге жетуге болады. Қазақстан бокс федерациясы атынан Шухрат Данбай мырзаға осындай деңгейге жеткені үшін алғыс айтқым келеді. Облыстың атынан шығатын барлық спортшылар мен бапкерлерге сәттілік тілеймін", – деп Маратбек Мықтыбеков өз ойын қорытындылады.

Шухрат Данбайдың айтуы бойынша 2021 жылы пандемия және басқа да кедергілерге қарамастан, барлық жас дәрежесінде облыстың боксшылары 66 жарысқа қатысқан. Спортты жан-жақты қолдау мен бапкерлерге қажетті жағдай жасау арқылы боксшылар көптеген байрақты бәсекеде жақсы өнер көрсетті. Павлодар бокс федерациясының жаңа президенті болып, Нағашыбек Әубәкіров тағайындалды. Қоғамдық қызметтен бөлек Әубәкіров "УПНК" ЖШС бас директоры, және облыстық мәслихат депутаты.

"Павлодар облысының жоспарына сай жұмыс жасайтын боламыз. Бұрынғы жылдары федерацияда қаржы мәселесі болған еді. Бірінші кезекте осы мәселені қолға алатын боламыз. Себебі спортшылар басқа мәселеге алаңдамай, жаттығуға көбірек көңіл бөліп, спортпен айналысуы қажет. Сол кезде облысымыз жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Жыл сайын павлодарлық боксқа 50 миллион теңге салуға міндеттенемін", – жаңадан сайланған президенттің сөзі осындай болды.

Айта кетейік, 2021 жылы отандық бокс қолғап шеберлері бірнеше халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетті. Кёльц қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалисті Сабыр Ерболат, Милана Аюпова мен Хава Болкоева жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын және қола жүлдегері атанды. Алғашқы Достастық кубогінің жүлдегерлері Ислам Машкентаев және Әділ Қасымовты айтуға болады. Павлодар облысы үшін басты жаңалық, Серік Теміржановтың Әлем чемпионатының жүлдегері атануы. Сонымен қатар облыс тарихында, бокстан алғаш рет Олимпиада ойындарының қатысушысы болды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу