Павлодардағы жаңа үйлердің құрылысы кешігуі мүмкін

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
20139

Апаттық жағдайдағы ескі үйлердің тұрғындары әкімдікпен келісімге келе алмай отыр.  

Павлодардағы жаңа үйлердің құрылысы кешігуі мүмкін

Павлодар облыстық құрылыс басқармасының басшысы Бақытжан Әлімғазиновтің айтуынша, соңғы үш жылда өңірде 858 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Құрылыстың жыл сайынғы өсу қарқыны орташа есеппен 20 пайызға дейін жетіп отыр. Көрсеткіштің артуына облыс орталығынан "Сарыарқа" және "Достық" шағын аудандарының салынуы себеп екені айтпаса да түсінікті.  

Осы жылы облыс бойынша 346 мың шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланған-ды. Бүгінде оның 119 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Қазір "Нұрлы жер" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламалары бойынша үйлер салынуда.

"Нұрлы жер" бойынша Павлодар қаласының "Сарыарқа" шағын ауданында 16 үй және облысқа қарасты үш қалада 6 арендалық үй салынады. Бұл пәтерлер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы және "7-20-25", "5-10-20" бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Арендалық пәтерлер мемлекеттік қордың есебінен баспана кезегінде тұрғандарға беріледі.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері Павлодар және Екібастұз қалаларынан төрт үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы 2020-2021 жылдары облыстың аудандары мен қалаларында 21 тұрғын үйдің құрылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тиісті жұмыстар аяқталған соң шамамен 1100 пәтер өз иесін табады", – дейді Бақытжан Әлімғазинов.

Бұдан бөлек, Павлодар облысына "Еңбек" бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден көшіп келгендерге 431 пәтер берілмек. Облыс орталығының әуежай аумағында жеке тұрғын үй құрылысы бойынша панелді үйлер салу жалғасуда. Олардың бәрі жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс. Сондай-ақ, Екібастұз және Ақсу қалаларында да жеке тұрғын үй құрылысына арналған шағын аудандар салынуда.

"Сарыарқа" шағын ауданында 14 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оның төртеуінің құрылысы былтырғы жылдан ауысқан. Әзірше үш үй пайдалануға берілді. Құрылысқа кедергі келтіріп отырған факторлар бар. Соның негізгісі –  құрылыс үшін қажетті ескі үйлерді сүріп тастау мәселесі. Яғни, меншік иелері құрылыс аяқталғанша уақытша қоныс аударуға келісім бермей отыр. Сондықтан, жаңа үйлердің уақытында пайдалануға берілуіне қатысты қауіп бар. Жалпы, "Сарыарқа" шағын ауданы 2021 жылдың соңына дейін толықтай салынып бітеді деп күтілуде", – дейді Павлодар облыстық құрылыс басқармасының басшысы.

Павлодар қаласындағы "Сарыарқадан" бөлек жаңадан "Достық" шағын ауданы салынып жатыр. Бұл аудан бұрынғы саяжайлардың орнына бой көтеруде. Жыл соңына дейін алты үй пайдалануға беріледі. Оның төртеуі "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша, екеуі "Павлодар" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының желісі арқылы жүзеге асырылуда.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу