Павлодарлық кәсіпорындар қызметкерлеріне 45 млн теңге қарыз

2682

Банкрот болған 5 кәсіпорын 136 жұмысшысына жалақы төлей алмай отыр.

Павлодарлық кәсіпорындар қызметкерлеріне 45 млн теңге қарыз

Мәселен, "Эк Алпар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7 қызметкеріне айлықты уақытылы төлемей, берешек сомасы 1,3 млн теңгеге жетті. Кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды. Сол сияқты "Мұса Импекс", "Green House-Павлодар" және "Нұр-Павлодар" компанияларының құрылтайшылары мен конкурстық басқарушылар арасындағы соттың салдарынан қызметкерлер табыссыз қалды. Сот істері толық аяқталмағандықтан, аталмыш кәсіпорындардан жұмысшылардың айлығын өндіріп алу мүмкін болмай отыр. Павлодар облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, жалақыны уақытылы төлей алмаған және өндірістік жарақаттар санының өсуіне жол берген компаниялардың мәселесі әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссиялар мен кәсіпорындардың мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырыстарында талқыланады.

"Бүгінгі күні банкрот болған және оңалту кезеңіндегі 5 кәсіпорын 136 қызметкеріне 45,6 млн теңге қарыз. Ал 84 мекеме жұмысшыларына біраз уақыт бойы төлей алмай келген еңбекақыны беріп, 1263 қызметкердің құқығы қорғалды.  Жалпы сомасы 169,3 млн теңге болатын жалақы бойынша қарыз өтелді", - деді Асқар Қапанов.

Ақтоты Қабдықайыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу