"Ашық НҚА" порталында жарияланған ІІМ бұйрық жобасына сәйкес, мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталудан 12 ай бұрын сотқа жіберуге тиіс.
Ал химиялық кастрация шарасы сот шешімімен босатылуға 6 ай қалғанда қолданылуы мүмкін.
Сараптама педофилдің психикалық ауытқуы мен жыныстық зорлыққа бейімділігін анықтауға бағытталады.
Құжат 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу