Пекин 2022. 13 ақпанға арналған жарыс кестесі

1448

Бүгін, 13 ақпан Пекинде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандықтар бес спорт түрі бойынша сынға түседі.

Пекин 2022. 13 ақпанға арналған жарыс кестесі

Жарыс жолына алғашқы болып тау шаңғысынан Захар Кучин шықты. Өкінішке орай ол жарысты аяқтай алмады. Дегенмен оның тағы бір мүмкіндігі бар. Елорда уақытымен 11:15-те Захар тағы бір бағын сынап көреді.

Ал 15:00-де 10 шақырымдық биатлоннан әйелдер арасында өтетін финалдық сайысқа Галина Вишневская-Шепоренко қатысады.

Нұр-Сұлтан уақытымен 16:45-те 12.5 шақырымдық биатлон жарысында ерлер арасында финалда Александр Мухин бағын сынап көреді.

Сондай-ақ фристайл-акробатикадан іріктеу өтеді. Оған еліміздің атынан Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмурзаева қатысады. Іріктеу сайыстары елорда уақытымен 17:00-ге жоспарланған.

Шорт-тректен 500 метр қашықтықта ерлер арасында ширек финалдық, жартылай финалдық және финалдық жарыстар өтеді. Оған еліміздің атынан бірден үш спортшы Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов қатысады. Сайыстар 17:00-де басталады.

Бүгін қазақстандық спортшылардан соңғы болып Екатирина Айдова жарысты аяқтайды. Ол 500 метр қашықтықта конькимен жүгіруде әйелдер арасында өтетін финалға қатысады. Сайыстар 19:56-да басталады.  

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу