Пекин 2022. Биатлоннан ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды

1965

Биатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мақсат Шаранов спортшыларды іріктеу және олардың Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтып берді. 

Пекин 2022. Биатлоннан ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды

Жалпы Қазақстанның биатлон құрамасы 2022 жылғы ойындарға 12 лицензия жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев өнер көрсетеді.

"Биатлоннан Олимпиада лицензиясы команданың маусымдағы көрсеткіштеріне қарай берілетін. Алайда пандемияға байланысты Халықаралық битлоншылар одағы жарыс жоспарын түгелдей өзгертті. Бұрын 1-ден 20-шы орынға дейінгі командаларға төрт квота, 20-23 орынға екі квота, 24-орыннан әрі қарай Wild Card берілетін. Биыл тек 20-орынға дейінгі командалардың квотасы сақталып, одан төмен орналасқандар жекелей көрсеткіші бойынша жолдама иеленді. Ал мұндай орындар бар болғаны 12 ғана. Тағы бір айта кетерлігі, Қытай командасы ТОП-20 қатарына енбесе, жарысты қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде Wild Card бойынша 4 квота иемденеді. Нәтижесінде, сегіз бос орынға 35 команда таласады. Ал эстафетада 27 құрама бақ сынайды. Осыған орай, біздің қыздар командасының алдында төрт жолдама алу мақсаты тұрды. Алайда, біздің құраманы Қытай қуып жетіп, біз квотадан айырып қалдық. Қазақстан атынан Галина Вишневская ғана қатысады. 

Ерлер командасының алдында екі жолдама алу мақсаты түрған. Олар бұл жоспарды орындады. Олимпиадаға Александр Мухин мен Владислав Киреев қатысады. Лицензиялық бүкіл командаға берілді. Бірақ осы екі спортшының еңбегі көп. Қазіргі сәтте олар команданың үздігі саналады.

Өткен жылдың көшбасшысы Мухин коронавирусқа байланысты рейтингте төмендеді. Дегенмен ол қайта бабына келді. Қазіргі таңда бұл анық байқалады және біз дұрыс жолда келе жатырмыз. Әлем чемпионатының кейбір кезеңдерінде басқалардан әлсіздеу болғанымызбен, спортшыларды Ойындарға апару мүмкіндігіне ие болдық.

Қазіргі таңда команда жұмысты толық көлемде орындады. Ауырғандар жоқ, медициналық жағынан бәрі тамаша. Мамандар барлығын бақылауда. Спортшылар өздерін жақсы сезінеді. Біз Италияның Антольц қаласындамыз. Олимпиадаға қатысушылар дайындық жұмыстарын бастап кетті. Әлі біраз күн бар. Енді жоспар құрып, спортшыларды маңызды жарысқа дайындап жатырмыз.

Ең бастысы, көңіл-күй өте жақсы. Келесі жылы бұл команда алға жылжып, жеңіс тұғырынан көрінеді деп ойлаймын. Командада барлығы дерлік жасөспірімдер және кейбіреулері биатлонға шаңғы жарысынан келді. Қазір ілгерілеушілікті байқадық. Ең бастысы, команданың әлеуетін көріп отырмыз. Барлығы жас әрі жігерлі. Сондықтан алдағы уақытта еліміздің Әнұранын маңызды жарыстардың тұғырларынан, әлемдік аренадан еститінімізге сенімдімін", – деді Мақсат Шаранов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу