Пекин 2022. Қытай құрамасы жалпы есепте көш бастады

1903

Бүгін жарыс жолына тоғыз спортшымыз шығады.

Пекин 2022. Қытай құрамасы жалпы есепте көш бастады

Қытай құрамасы қысқы Олимпиада ойындарында алғаш рет көш бастады. Аспан асты елінің үшінші алтын медалін фристайлшы Эйлинг Гу жеңіп алды. Екінші болып Франция өкілі Тесс Леде, үшінші болып швейцариялық Матильда Гремо мәреге келді. Қазір Қытай құрамасының қоржынында үш алтын, екі күміс медаль бар. Ал Швеция құрамасының әзірге үш алтыны бар. Қазір олар екінші орында. Екі алтын, үш күміс және екі қола медальмен Ресей құрамасы үздік үштік қатарын толықтырды.

Айта кетейік, бүгін 8-ақпан қысқы Олимпиада ойындарында 9 қазақстандық спортшы сынға түседі. Еліміздің құрамасынан жарыс жолына бірінші болып шаңғышылар шығады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:50-де әйелдер арасындағы спринттік жарыстың іріктеу кезеңі басталады. Қазақстан құрамасының намысын Ксения Шалыгина, Ирина Быкова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғайды.

14:20-да биатлоннан сайыстар басталады. Ұзақтығы 20 шақырымды құрайтын жекелей жарыста Қазақстан атынан Александр Мухин мен Владислав Киреев өнер көрсетеді.

14:50 еркін спринтте шаңғы жарысынан ерлер арасында іріктеу басталады. Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало катысады.

Сағат 16:25-те конькишілер сынға түседі. 1500 метр қашықтықта ерлер арасындағы финалдық жарыста Дмитрий Морозов медаль үшін таласқа түседі.

Өкінішке орай Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге медаль жоқ. 4 ақпан күні басталған қысқы Олимпиада ойындары 20 ақпанға дейін жалғасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу